©
Студенттермен кездесті
Мемлекеттік қызметтің жаңа моделі, мемлекеттік қызметтің маңызы сынды алғышарттарды ұсынатын «Мемлекеттік қызмет-өмірлік ұстаным» тақырыбында Түпқараған ауданындағы Гуманитарлық–техникалық колледжінде жастармен кездесу өтті. Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 21 шілдедегі №119 Жарлығымен бекітілген мемлекеттік қызметтің жаңа моделі туралы тұжырымдамасын түсіндіруді мақсат еткен жиынды «Қолдау-Қазақстан» көпсалалы коммерциялық емес холдингі ұйымдатсырған болатын.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері минмистрлігі Маңғыстау облысы бойынша департаменті сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасы тапсырысы негізінде жүзеге асып отырған шарада студенттерге «Мемлекеттік қызметтің жаңа Қазақстандық моделі» тақырыбында баяндама жасалып, студенттер қызықтырған сұрақтарғына жауап алды.
Фокус топпен жұмыс
Түстен кейін дәл осы ұйымның ұйымдастыруымен аудан орталығы Форт-Шевченко қаласында «Маңғыстау облысы тілдерді дамыту, мұрағаттар мен құжаттама басқарамасының»әлеуметтік тапсырысы негізінде «Мемлекеттік тіл ахуалына зерттеу жүргіу» және «Сыртқы жарнамалардағы орын алған тіл саясаты саласындағы заңның нормалары бойынша заң бұзушылық бойынша мониторинг өткізу» тақырыптарында фокус топтық сұқбат алаңы ұйымдастырылып, ұсыныстар жолданды.
-Заман талабына сай, мемлекеттік қызметкерлер де өз ана тілімен қатар орыс тілі, ағылшын тілдерін білулері керек. Ол үшін мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс уақытында семинарлар мен тіл үйрету курстары ұйымдастырылса. Сонымен қатар, кітапхана сияқты мемлекеттік мекемелер арқылы ақылы курстарды ұйымдастырса, баға қолжетімді болар еді,-дейді Түпқараған аудандық мәслихатының хатшысы Айкүміс Досанова.
Сонымен қатар, фокус топ ұйым ұсынған үш тілді білу деңгейін анықтау бағытындағы сауланамаға қатысты.
Милана ЕЛЕУСІНОВА
Суретті түсірген автор