Ақтауда шұңқыр жолдарды жөндеудің бірінші кезеңі басталды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Асхат Нұрмұханның айтуынша, жөндеу жұмыстарының салдарынан қоғамдық көлік қозғалысы бағытында өзгерістер болмайды.
- Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты облыс әкімдігінен - Аққала MOLL-ға дейінгі учаскеде автокөлік қозғалысы ішінара шектелетін болады. Алайда қоғамдық көлікке әсер етпейді. Біз автобустардың қозғалыс сызбасына өзгерістер енгізген жоқпыз, олар штаттық режимде жұмыс істейтін болады, - деді Асхат Нұрмұхан.