Бүгін Ақтау қаласының әкімі Нұрдәулет Қилыбай қаланың таза болуы үшін еңбек етіп жүрген қызметкерлермен кездесіп, түскі ас ішті. Әңгімелесіп, еңбектері үшін алғыс білдірді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-Қаламыздың тазалығы үшін жасаған еңбектеріңіз үшін алғыс білдіремін. Қала тазалығы - мәдениетіміздің деңгейін көрсететін бірден бір фактор. Бәріміз таза қалада өмір сүріп, таза көшелерде жүргізіміз келеді, бірақ барлығы сол үшін еңбектенеді деп айта алмаймын. Ал сіздер күн сайын осы мақсатта тер төгіп жүрсіздер. Бұл - үлкен еңбек, деді Нұрдәулет Қилыбай.
Айта кетейік, бұрын қала тазалығына жауапты қызметкерлердің түскі ас ішіп, киім ауыстыратын орындары жертөлелер болатын.
-Қала тазалығын қамтамамыз ету үшін 350-ге жуық қызметкер еңбек етеді. Жұмыс оңай емес, сондықтан қазір салыстырмалы түрде қызметкерлердің жағдайы жасалып, оларға шамамен 15 жерден тұрақты орындар берілді. Онда олар түскі уақытта 2 сағат демалып, киініп, тамақтанып алады, - деді тиісті аумақ басшысы Сыйындық Досманбетов.