Жағалау күзеті өңірлік басқармасына қарасты 2018 әскери бөлімінің мерзімді әскери қызметшілеріне «2 дәрежелі шекара үздігі» төсбелгісі тапсырылды.
ҚР ҰҚК ШҚ 2201 «А» әскери бөлімінде «Жағалау күзеті» өңірлік басқарма жеке құрамдары марапаттауға арналған жиынға сап түзеді. Қазақстан-Түрікменстан шекара шебінде өздеріне қойылған тапсырмаларын мүлтіксіз орындап келген мерзімді әскери қызметшілерге «Жағалау күзеті» өңірлік басқармасының бастығы, 1 дәрежелі капитан Қыдржан Мұқанов «2 дәрежелі Шекара үздігі» төсбелгісін тапсырды. Жиын соңында Шекарамызды берік қорғаған сарбаздарға әскери қызметшілер саппен жүруге арналған алаңда жоғары дәрежеде құрмет көрсетті. 2018 әскери бөлімінің шекара заставаларында осы құттықтау өз жалғасын тауып, «Жағалау күзеті» өңірлік басқармасының бастығы 1 дәрежелі капитан Қыдржан Орақұлы әрбір жауынгерге өз қолымен «2 дәрежелі Шекара үздігі» төсбелгісін тапсырды. Қазіргі кедергі құрылғысының өзіндік ерекшеліктері бар. Қазіргі заманғы құрылғылар жоғарғы дәрежеде сапалы дайындалған және шекара бұзушылардың кесіп өту енді оңайға соғар емес. Сарбаздардың жауапкершіліктері соншалықты басшылардың қойылған тапсырмасын бұлжытпай сапалы орындап шықты. Қазақстан-Түркменстан арасындағы шекарамыз енді берік қорғалатындығына сеніммен қарауға болады.
Сұңғат САБЫРОВ, Бас старшина, 2201 «А» әскери бөлімнің клуб бастығы.