Таушық ауылының атаусыз көшелеріне атау беру туралы
[ 2021 ] 10 ақпан, 10:52 | Жаңалықтар
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, Таушық ауылының халқының пікірін ескере отырып, Маңғыстау облыстық ономастика комиссиясының 2019 жылғы 1 қарашадағы және 2019 жылғы 26 желтоқсандағы қорытындыларының негізінде, Таушық ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:
Таушық ауылының атаусыз көшелеріне келесідей атаулар берілсін:
Таушық ауылының солтүстік-батыс жағында орналасқан көшеге Тұрар Жолдыбаевтың есімі;
4 кварталда орналасқан көшеге (№№79, 80, 81, 82, 83, 84, 85, 86, 87, 88, 89, 90, 91, 92, 93, 94, 95, 96, 97, 98, 99, 100, 101, 102, 103, 104, 105, 106, 107, 108, 109, 110, 111, 112, 113, 114, 115, 116, 117, 118 үйлер) Ержігіт Табылғановтың есімі;
4 кварталда орналасқан көшеге (№№119, 120, 121, 122, 123, 124, 125, 126, 127, 128, 129, 130, 131, 132, 133, 134, 135, 136, 137, 138, 139, 140, 141, 142, 143, 144, 145, 146, 147, 148, 149 үйлер) Төлесін Сәменовтің есімі;
2. «Таушық ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бас маман А.Қызылғұл) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін және Таушық ауылы әкімінің аппаратының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
1538
Маңғыстау Медиа
Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.