Түпқараған ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 9 желтоқсандағы №237 «Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9 бабының 6) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы №498 «Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №14010 болып тіркелген) сәйкес, сонымен қатар «Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің Маңғыстау облысы әділет департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің 2020 жылғы 02 наурыздағы №05-10-530 ақпараттық хатының негізінде, Түпқараған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Түпқараған ауданының ұйымдарында ауыр жұмысты, еңбек жағдайларындағы зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін квота белгіленсін.»;
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.