Бүгін «Nur Otan» партиясы Ақтау қалалық филиалының төрағасы Н.Қилыбайдың төрағалығымен кезектен тыс XXXIII конференция өтті, - деп хабаралайды mangystaumedia.kz сайты.
Аталған конференцияның күн тәртібінде партияның бағдарламасын бекіту, пікірсайыс қорытындылары бойынша кандидаттар үшін дауыс беру, Ақтау қалалық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша партиялық тізімді бекіту және Маңғыстау облыстық филиалының кезектен тыс XXXII конференциясына делегаттарды сайлау мәселелері қаралды.
Конференция барысында облыстық және қалалық мәслихаттары үшін «Nur Otan» партиясының партиялық тізіміне қосылуға үміткер болып отқан праймериз бойынша кандидаттар арасында пікірсайыс өтті. Пікірсайысқа қатысатын кандидаттар тізімі Primaries.kz порталында жарияланды.
Үміткерлер пікірталас барысында өз бағдарламаларын баяндай отырып, ұсынылған мәселелерге қатысты сұрақтарға жауап берді. Осы орайда қазіргі қоғамда болып жатқан көп мәселе талқыға салынды.
Сондай-ақ арнайы бөлмеде арақашықтықты сақтап 7 компьютер орнатылып, кезек кезегімен дауыс беру мүмкіндігі ұсынылды.
Конференция барысы партияның қалалық филиалының әлеуметтік желілердегі аккаунтарында тікелей эфирде көрсетілді. Қазіргі таңда эпидемиялогиялық жағдайға байланысты сақтық шаралары толықтай сақталды.