Шымкентте өткен бокстан Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті. Маңғыстаулық боксшылар екі алтын, екі қола жүлдені иеленді. Осылайша Маңғыстау облысы жалпыкомандалық есепте 1-орын алды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Ел біріншілігінде алтын жүлдені 60 келі салмақ дәрежесінде Саматали Төлтаев және 81 келі салмақ дәрежесінде Бекзад Нұрдәулетов жеңіп алды.
Саматәлі Төлтаев финалда Шығыс Қазақстан облысынан келген Бекнұр Ожановпен шаршы алаңға шықты.
Ал Бекзат Нұрдәулетов ақтық сында жастар арасындағы әлем біріншілігінің жүлдегері Нұрбек Оралбаймен кездескен болатын.
Сонымен қатар додада 81 келі Нұрлан Сабиров пен +91 келі Айболды Дәуренұлы қола жүлдені қоржынға салды.
Айта кетейік, биыл ел біріншілігі жаңа форматта өтті. Оған Маңғыстау облысынан 15 былғары қолғап шебері қатысқан болатын.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА