Теңіз жағалауында көлігімен қауіпті трюк жасаған жүргізуші төрт хаттама толтырды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
«Toyota Camry» жүргізушісі 15-шағынаудандағы жағалаудың жаяу жүргіншілер аймағында дрифт ұйымдастырған.
«Тәртіп бұзған тұрғынға қатысты ҚР ӘҚБтК 595-бабының 1-бөлігі (маневр жасау қағидаларын бұзу), 596-бабының 1-бөлігі (жаяу жүргіншілер жолымен, жол жиегімен немесе тротуармен жүру қағидаларын бұза отырып жүру), 601-бабының 1-бөлігі (жол белгілерімен немесе жолдың жүру бөлігінің таңбаларымен ұйғарылған талаптарды сақтамау) және 612-бабының 2-бөлігі (көлік құралын басқаруға құқығы жоқ адамның көлік санаты) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды» дейді Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Жалпы жүргізушіге шамамен 119 454 теңге айыппұл салынды. Қазіргі таңда тәртіп бұзушының автокөлігі айып тұрағына қойылды.