Әр елде, әр түрлі халықтардың өздерінің этикалық нормалары, мәдениеті және жүріс-тұрыс ережелері бар. Көптеген елдерде мемлекеттік қызметтің этикасы мәселелерін қадағалайтын, елдің негізгі этикалық зандарын әзірлейтін арнайы органдар жұмыс жасайды. Қазақстанда да мемлекеттік қызметшінің имиджін көтеру және жалпы мемлекеттік қызмет туралы оң пікір қалыптастыру бойынша белсенді жұмыс жүргізіледі.
Мемлекеттік қызметші Қазақстан Республикасының Әдеп Кодексіне сәйкес азаматтармен және әріптестерімен сөйлесу кезінде жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды ұстануға, адал және әділ болуға, қарапайымдылық танытуға міндетті.
Мемлекеттік қызметте жұмыс істей отырып, біз, мемлекеттік қызметшілер мемлекеттің де, қоғамның да бізге ерекше сенім білдіріп, жоғары моральдық-этикалық талаптарды қоятынын әрдайым есте ұстауымыз керек. Біз білім мен күш-жігерімізді қоғам мен мемлекет игілігі үшін пайдалануымыз, барлық тәжірибемізді кәсіби қызметімізге жұмсауымыз және өз Отанымызға адал қызмет етуіміз қажет.
Маргарет Тэтчер айтқандай, «Мемлекет басшылығына ұмтылатын кез-келген адам, мемлекеттік қызмет ең алдымен сенімге байланысты екенін әрдайым есте сақтау керек».
Халықтың мемлекеттік қызметіне деген сенімін жоғалтпау үшін әрбір мемлекеттік қызметші жұмыс уақытынан тыс уақытта өз іс-әрекеттері мен мінез-құлқына, әдеп нормаларын сақтауға жауап беретіндігін есте сақтауы тиіс. Мемлекеттік қызметшінің этикалық нормаларының сақтамауы мемлекеттік қызметшінің жұмыс жасайтын органына ғана емес, жалпы мемлекеттік қызметтің имиджіне кері әсер тигізетінін ұмытпаған жөн.
Маңғыстау облысы бойынша
Қазынашылық департаменті басшы орынбасары Д. Келдибаева