Ақтауда көпшілікті жинап, той жасаған кәсіпкерге айыппұл салынды - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты облыстың қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.
Рейд кезінде «Ақсұңқар» мейрамханасында 50 адамға арналған той өтіп жатқаны анықталды. Елде жарияланған карантин режиміне құлақ аспай, көпшілікті жинаған кәсіпкерге Ақтау қалалық полиция бөлімінің инспекторлары ҚР ӘҚБтК 425 бабы бойынша хаттама толтырып, 230 АЕК көлемінде айыппұл салды.
«Санитарлық ережелерді бұзған мейрамхана әкімшілігімен әрі қарай тиісті жұмыстар жүргізіледі. Рейд жалғасады», - деді Маңғыстау облысы полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасы басшысының м. а. Қалдымұрат Айғарақов.
Айта кетейік, 10 қазан күні жергілікті полиция қызметінің мамандары мен қоғамдық коммуникация орталығының түсірілім тобы Ақтау қаласының мейрамханаларына рейд жүргізген болатын.
Мамандар алдағы уақытта той мен жиындарға рейд жұмыстарының күшейтілетінін айтады.