Бейнеуде Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылға арналған бағдарламасы аясында «Бастау бизнес» жобасымен 140 адам оқып, 85 адам грант алды. Бұл туралы «Атамекен» ҰКП Бейнеу аудандық филиалының директоры Роллан Ережепов мәлімдеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
«Жыл сайын ауданда кәсіпкерлер саны артып келеді. Оның ішінде жастардың қатары көбейіп отыр. «Бастау бизнес» жобасымен оқыған 140 адамның 85-і қайтарымсыз грантқа ие болды. Нақтырақ айтқанда 5 адам 530 200 теңге, 80 адам 555 600 теңге қаражат алды. 46 жоба инвентариялық бағытта, 10 жоба технологиялық бағытта және 29 жоба мал шаруашылығын дамыту бағытында болып отыр», - деді Роллан Ережепов.
Айта кетейік, «Бастау бизнес» жобасының негізгі мақсаты ауылдық елді-мекендерде, аудан орталығында тұратын жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған кәсіпкерлерге қолдау көрсету.