Облыс әкімі Серікбай Трұмовтың өкімімен Маңғыстау облысының Цифрлық технологиялар басқармасының басшысы лауазымына Айдын Хадиев тағайындалды.
Айдын Сағынғалиұлы Маңғыстау облысында туған. Білімі жоғары. Ш. Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетін инженер-технолог мамандығы және Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін экономика және бизнес бакалавры мамандығы бойынша жоғары білім алған.
Еңбек жолын Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының сауда жөніндегі бас маманының міндетін уақытша атқарушы болып бастаған. Содан кейін, облыстың кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының сауда жөніндегі бас маманы, облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының өнеркәсіпті келешекті дамыту жөніндегі бас маманы, облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының халықаралық сапа стандарты бөлімінің бастығы, «Каспий» ӘКК»» ҰК» АҚ инвестициялық жобалар департаментінің жетекші менеджері, Маңғыстау облысы әкімі аппараты ұйымдық-инспекторлық бөлімнің бас инспекторы, облыс әкімі аппаратының аумақтық даму және ұйымдастыру жұмысы бөлімнің бас инспекторы, Ақтау қаласы әкімінің аппарат басшысы, Маңғыстау облысы әкімі аппаратының терроризмге және экстремизмге қарсы іс-қимыл бөлімінің басшысы, Маңғыстау облысының цифрлық технологиялар басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы қызметтерін атқарған.