Онкологиялық диспансерде «Ашық есік күні» өтеді
2020 жылдың 19 қыркүйегінде сағат 09:00-де Маңғыстау облыстық онкологиялық диспансерінде өкпенің, ішектің, сүт безінің, жатыр мойынының қатерлі ісігін ерте анықтау мақсатындағы «Ашық есік күні» өтетінінін хабарлаймыз. Тексерілуге келетін тұрғындар өздерімен бірге жеке куәлігін және аш қарынға келуіңіз сұралады, делінген хабарламада.
Қабылдаудағы дәрігерлер: онколог, маммолог, онкогинеколог, эндоскопист, сонымен қатар ҚазОРҒЗИ мамандары қабылдау жүргізеді.
Өтетін жері: облыстық онкологиялық диспансері, 1 ш/а
Уақыты: 09:00-13:00