15 қазан күні жылыту маусымы басталады. Бұл туралы Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Осыған орай, қала әкімдігінің өкілдерінен, мемлекеттік және жекеменшік мекемелерімен бірлесіп құрылған комиссия өз жұмысын жалғастырып жатыр. Жұмыс тобы үйлердің жылыту маусымына дайындығын және барлық пәтер иелерінің тұрғын үй заңнамасы талаптарының сақталуына мониторинг жүргізуде.
Жұмыс тобы пәтер иелері кооперативіне ескертпелер беріп жатыр.