• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Сенбi, 19 Қырк. 2020

Қосымшалар

Редакция
Газеттер
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
    • EXPO - 2017
    • Жаңаөзен - 50 жыл
    • Астана - 20
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Рухани жаңғыру
  • Әдебиет
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Ақтау қалалық №2 емханасының директоры тағайындалды ...

Маңғыстауда 5 отбасы баспаналы болды...

Анталияда саябаққа Абайдың есімі берілді...

А. Мамин Түрікменстан Президенті Г. Бердымухамедовпен келіссөз жүргізді ...

Рейд: Ақтауда карантин талаптарын сақтамаған кәсіпкерлік нысандар анықталды...

  • BRL: 80.31 ₸
  • HUF: 13.85 ₸
  • CAD: 319.65 ₸

Көгілдір отын қоры маңғыстаулық кәсіпкерлерге жетпей ме?

4 қыркүйек, 19:02  |  Жаңалықтар

Газ сату бекеттерінің қожайындары сұйытылған газ әр кәсіпкерге қолжетімді болсын деген талап қояды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.

Кәсіпкерлер сұйытылған газды алу қиындық тудырғандықтан, олар келісімшарт жасалмаған газ сақтау стансасынан қымбатқа алуға мәжбүр болыпты. Сұйытылған газ бағасы кей уақытта қымбаттап кететіні де сол себепті дейді олар. Газдың көлемі әділ бөлінбеді деген дау тумас үшін көгілдір отынды әр кәсіпкер электронды сауда алаңында ала алатындай болуы тиіс деп отыр.

Электронды сауда алаңына өтейік. Өтсек, барлығымыз тең боламыз. Зауыттан тікелей кәсіпкерлер де, газ сақтау стансалары да алады. Ал министрлік ГСС-ларға 2023 жылға дейін газ беру туралы шешім қабылдаған. Ол уақытқа дейін ГСС-лар жұмыс істейтін болса нарықты жаулап алады, - дейді кәсіпкер Тағанияз Боқанұлы.

Қазақстан бойынша көгілдір отын қорының 25 пайызы ғана элекетрондық сату алаңы арқылы іске асады. Ал қалған 75 пайызы газ сақтау стансаларына беріледі. Жалпы өңірге республикалық қордан 17 мың тоннадан аса сұйытылған газ бөлінеді. Оның ішінде 10 656 тонна газ «ҚазГӨЗ» ЖШС, 2592 тонна басқа жақтан, 4428 тонна электронды сауда алаңы арқылы беріліп отыр. Алайда, тұрақты емес, Маңғыстауға берілетін көлем ай сайын энергетика министрлігінің шешімімен өзгеріп тұрады.

Айта кетейік, Маңғыстау облысында тіркелген 137 мың автокөліктің 70%-ы сұйытылған мұнай газын отын ретінде пайдаланады.

«Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің тиісті бұйрығымен (2018 жылғы 6 желтоқсандағы № 481 «Электрондық сауда алаңдары арқылы сұйытылған мұнай газы сауда-саттығын ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы) 2019 жылдан бастап сұйытылған мұнай газын электрондық сауда алаңдары (бұдан әрі - ЭСА) арқылы сату тетігі енгізілді. Бүгінгі күні облысқа жеткізілетін әлеуметтік газдың жалпы көлемінің (14,5-15 мың тоннасы) 25% -ы электрондық сауда алаңдары арқылы сатылады, яғни шамамен 4500 тоннаны құрайды», - деді облыс әкімінің бірінші орынбасары Әлихан Қыраубаев.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 4 желтоқсандағы № 470 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспарын қалыптастыру қағидаларына сәйкес (бұдан әрі – Қағида) СМГ келесідей қалыптастырылады және бөлінеді:

1) Газ желісі ұйымдары сұйытылған мұнай газын беруге өтінімдері жоспарланып отырған айдың алдындағы ай басталғанға дейін күнтізбелік 35 (отыз бес) күннен кешіктірілмейтін мерзімде тиісті жергілікті атқарушы органына жібереді;

2) Сұйытылған мұнай газын жеткізуге жиынтық өтінімдерді қалыптастыру жөніндегі комиссияның шешімімен мақұлданған жиынтық өтінім тиісті жергілікті атқарушы органының бекітуіне және жоспарланып отырған айдың алдындағы ай басталғанға дейін күнтізбелік 25 (жиырма бес) күннен кешіктірілмейтін мерзімде Комиссия хаттамасымен қоса уәкілетті органға жолданады;

Анықтама үшін: сұйытылған мұнай газын жеткізуге жиынтық өтінімдері газ желісі ұйымдары ұсынған өтінімдер мынадай өлшемшарттарға сүйене отырып қарастырылады:

- өтініш беруші пайдаланатын сұйытылған мұнай газымен жабдықтау жүйелері объектілерінің қуаты;

- сұйытылған мұнай газын өткен кезеңдерде өткізудің нақты көлемдері;

- сұйытылған мұнай газын тұрмыстық баллондарда өткізу.

1. 3) Уәкілетті органға жергілікті атқарушы органынан келіп түскен жиынтық өтінімдер, Энергетика министрлігі жанындағы Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспарын қалыптастыру жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – Өнім беру жоспарын қалыптастыру жөніндегі комиссия) қарауына жатады.

Анықтама үшін: Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспарын қалыптастыру жөніндегі комиссия туралы ереже Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 20 қыркүйектегі № 384 бұйрығымен бекітілген.

Өз кезегінде газ желісі ұйымдары бөлінген СМГ көлемдерін тұрғындар санын және СМГ отын ретінде пайдаланатын автокөліктердің санын ескере отырып, ай сайын қала және аудандардағы бөлшек сауда сатушыларына – автокөліктерге газ құю станцияларына (АГҚС) бөледі.

Осылайша, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, өңірдегі СМГ ішкі нарығына саны 5 бірлік («SK LTD KZ» ЖШС, «TanaGasCom» ЖШС, «АвтогазТрэйд»ЖШС,«АДМ ГАЗ» ЖШС, «Газ Центр»ЖШС) газ желісі ұйымдары арқылы жеткізіледі.

Тұтастай алғанда қазіргі кезде облыстың АГҚС тұтынушыларды СМГ-мен қамтамасыз ету орнықты, АГҚС СМГ бағасы литріне 40-50 теңгені құрайды.

Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын жеткізу жоспарына сәйкес, Энергетика министрлігімен Маңғыстау облысы үшін 2020 жылдың қыркүйек айына 17 676 тонна мұйытылған мұнай газы бөлінді.

Махаббат НҰРЖАНҚЫЗЫ

312
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

Демалыс күндері кәсіпкерлік нысандар жұмыс істемейді

Келесі жаңалық

Мектептерде «Өзіне-өзі» қызмет көрсету бұрыштары ашылды

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    Рубрикалар

      Жаңаөзен - 50 жылҚызық дерекМәдениетМәселеEXPO - 2017СұхбатРедакцияАуыл өміріЖастар бетіДенсаулықТүпқарағанАудан тынысы

    Автордың басқа да жазбалары

    Мұнайлыда коворкинг бөлмесі ашылды

    Кеше 15:04
    116

    «Маңғыстау-Медиада» фотостудия және медиа мектеп ашылады

    17 қыркүйек, 15:28
    285

    «Ауыл» партиясы қаламгерлермен кездесті

    11 қыркүйек, 18:14
    174

    Тамақтану орындарының жұмысы мониторингтік топтың бақылауында

    11 қыркүйек, 17:38
    134

    Маңғыстаулық қос өнерпаз «Бала дауысы» байқауында іріктеуден өтті

    8 қыркүйек, 16:49
    171

    Жаттығу кезінде парашюті ашылмай қалған әскери қызметкер қайтыс болды

    2 қыркүйек, 16:53
    263

    Paragraph

    Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit. Ducimus itaque, autem necessitatibus voluptate quod mollitia delectus aut, sunt placeat nam vero culpa sapiente consectetur similique, inventore eos fugit cupiditate numquam!

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»