«Бала дауысы» ұлттық ән байқауында екі бірдей маңғыстаулық жас өрен бақ сынайды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Оның бірі - Армен Саакян болса, екіншісі - Айару Кимағанбет. Сайысқа 4 000-нан астам талантты бала қатысты. Оның ішінен қазылар алқасы ең мықты 20 жас өнерпазды таңдап алды.
Айта кетейік, «Бала дауысы» байқауының авторы және бас продюсері «Жандану әлемі» қорының құрылтайшысы Әлия Назарбаева.