Облыс әкімдігінің жанынан құрылған мониторингтік топ кеше тамақтану орындарын аралап, санитарлық талапты сақтамағандарға ескерту жасады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
7 шағынауданда орналасқан ашық алаңдағы тамақтану орындарында келушілер үшін антисептик қойылмаған. Сондай-ақ, үстелдер тығыз орналасқан. Санитар маман кафе әкімшілеріне бұл олқылықтарды тез арада түзетуді тапсырды. Мониторингтік топ кәсіпкерлерді карантин ережесін қатаң сақтауға шақырды.
Мониторингтік топ "Ардагер" сауда орталығындағы супермаркет және 5 шағын ауданда орналасқан "Coffeeshop" тамақтану орны бүкіл талапты сақтай отырып, жұмыс істеп тұрғанына куә болды. Ал, 9 шағынаудандағы "Бургер Кинг" тамақтану орнында кей талаптың сақталмағаны анықталып, ескерту берілді.
Махаббат Нұржанқызы