Маңғыстау облысының халық арасында «COVID-19» коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында, облыстың Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің орынбасары Г.Көркінбаеваның қаулысына сәйкес Маңғыстау облысының аумағында демалыс күндері төменде көрсетілген нысандар жұмыс істемейді. Олар жұмыс күндері қайта ашылады.
Эпидемиологиялық жағдайды одан әрі тұрақтандыру мақсатында демалыс күндері мына нысандарда шектеу шаралары сақталады:
1) сауда ойын-сауық орталықтары, сауда орталықтары, сауда үйлері толымдылығы 30 пайыздан аспайтын, (1 келушіге 4 ш.м. кем емес), дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09.00-ден 22.00-ге дейін жұмыс режимімен және сенбі-жексенбіде қызметін тоқтатуымен (азық-түлік тауарларын сататын объектілерді, дәріханалардың ішіндегі объектілерді қоспағанда),
2) сұлулық салондары, шаштараздар, косметикалық және косметологиялық қызмет көрсететін орталықтар мен салондар, маникюр және педикюр алдын ала жазылу бойынша (1 келушіге 4 ш. м. кем емес), қызметін сенбі-жексенбіде тоқтата тұрумен;
3) балалар түзету кабинеттері, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдары (даму, білім беру орталықтары, үйірмелер және т. б.), топтарда балалар мен ересектерге арналған курстар 5 адамнан артық емес алдын ала жазылу бойынша дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі-жексенбі күндерінде қызметін тоқтату;
4) ашық ауада азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар жәрмеңкелері, дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі-жексенбіде қызметін тоқтату;
5) жабық киім-кешек базарлары, азық-түлік емес тауарлардың жабық базарлары, жабық құрылыс базарлары дүйсенбіден жұмаға дейін жұмыс режимі сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін және сенбі-жексенбі күндері қызметін тоқтату;
6) киім-кешек базарлары (ғимараттан тыс), азық-түлік емес тауарлар базарлары (ғимараттан тыс), құрылыс базарлары (ғимараттан тыс)- (ашық);
7) ауданы 500 м2-ден асатын азық-түлік емес дүкендер ( толымдылығы 30 пайыздан аспайтын, 1 келушіге 4 ш. м. кем емес), дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09.00-ден 22.00-ге дейін және сенбі-жексенбі күндері қызметін тоқтата тұру;
8) сенбі-жексенбі күндері қызметін тоқтата отырып жұмыс жасайтын, ашық ауада орналасқан аттракциондар;
9) фитнес, тренажер залдары орталықтары (бассейінсіз), алдын ала жазылу бойынша (1 келушіге 5 ш. м. кем емес) жобалық қуатынан 50 пайыз толуымен және қызметін сенбі-жексенбіде тоқтатумен;
10) қоғамдық моншалар, монша кешендері, бассейндері жоқ сауналар (толымдылығы 50 пайыздан аспайтын, 1 келушеге 4 ш. м.кем емес ) дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09.00-ден 00.00-ге дейін және сенбі-жексенбі күндері қызметін тоқтатумен.