Ақтауда парашютпен секіруді орындау барысында парашюті толық ашылмай ауыр жарақат алған 25 жастағы әскери қызметші Мұратжан Төрегелді кеше қайтыс болды. Бұл туралы жігіттің туыстары хабарлады.
Оның өкпесіне су жиналып, біраз уақыт гемодиализ аппаратына қосылып жатқан болатын. Дәрігерлер жағдайдың мүшкілдігінен жігіттің екі аяғын кесуге мәжбүр болған еді.
Айта кетейік, 5 тамызда Ақтау қаласында ұшу құрамы парашютпен секіруді орындау барысында Мұратжан Төрегелдінің парашюті толық ашылмай қалған еді.
Марқұмның жақындары мен туыстарына қайғырып көңіл айтамыз!
Махаббат НҰРЖАНҚЫЗЫ