• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Сейсенбi, 6 Тамыз 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Нөкіс қаласынан Маңғыстау облысына пойыз қатынайтын болды...

2025 жылы Ақтау әуежайында жаңа әуе рейстері ашылады...

Қазақстандық спортшылар Олимпиада медалі үшін қанша алады?...

Ақтауда күрделі ота сәтті өтті

Қоян-қолтық ұрыстан «Батыс» ӨңҚ әскери қызметшілері чемпион атанды...

  • USD: 477.15 ₸
  • EUR: 522.43 ₸
  • RUB: 5.63 ₸

Дәрігер: Үздік атануға барлық медицина қызметкері лайықты

[ 2020 ] 22 маусым, 10:08  |  Жаңалықтар

Ұлжан Берікқызы – Мұнайлы орталық аудандық ауруханада аллерголог-дәрігер. Атамекен №1 дәрігерлік амбулаторияның меңгерушісі. Қазіргі таңда COVID-19 пандемиясына байланысты Ақтауда 3 «б» шағынаудандағы обсервациялық госпитальде коронавирусқа шалдыққан науқастарды емдеп жүр.

Бүгін медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында ақ халатты абзал жан Ұлжан Берікқызымен сұхбаттасудың сәті түсті.

– Ұлжан Берікқызы, індеттің нағыз ошағында қызмет етіп жүргеніңізге 3 айдан асыпты. Бұл дертпен бетпе-бет келуге қаншалықты дайын болдыңыз?

– Рас. Covid-19 әлемге тарала бастаған соң медицина мамандары да жылдам іске кірісті. Жедел шаралар ұйымдастырды, арнайы ауруханалар ашылды. Осы ретте басшылық кіші және орта медициналық қызметкерлерді жинап жатқан еді. Менде бастығыма барып, қандай жағдай болса да бәріне дайын екенімді айттым. Наурыз айында осы обсервациялық госпитальде қызмет етуге шақырту алдым. Міне, содан бері індетке қарсы күресіп жүрмін.

Өзіңіз білесіз, дәрігерлер де солдат сияқты алдыңғы шепте жүреді. Білім алып жүргенімде де осы сөзді санамда жаттаған болатынмын. Сондықтан да қиындыққа қарсы тұрып, онымен күресуге дәрігер ретінде іштей дайын болдым. Құрбыларым үнемі «Сен патриотсын, Ұлжан» деп айтатын еді, бірақ кезінде айтарлықтай мән бермеген екенмін. Расымен де патриоттық сезім, қайсар мінез қай қазақтың қанынан табылатыны анық. Мүмкін бүгінгі қиындықта құламай жүруіміздің өзі елге деген жанашырлықтан болса керек.

– Өткенге сәл оралайықшы, алғашқы коронавирус жұқтырған науқастың келген сәті есіңізде ме?

– Бұрын соңды мұндай індет болмаған соң бәріміз қатты қобалжыдық. Тек маған, менің әріптестеріме ғана емес, облыстық денсаулық сақтау басқармасы, облыс басшылығы үшін өте ауыр сын сағат болған еді. Қаншалықты дайын болсақ та әлгі науқасқа вирус жұқтырып алғанын айтудың өзі қиынға соқты. Бір сөзбен айтқанда сол мезетте уақыт тоқтап қалғандай күйде болдық. Госпитальде Мақсат Серікұлы, Ғабит Нұрғалиұлы есімді білікті дәрігерлермен әріптес болдым. Маңғыстауда коронавирус жұқтырған алғашқы науқасты дәрігер Ғ. Нұрғалиұлы қабылдағаны есімде.

– Қарап отырсақ, пандемия елдің, оның ішінде медицина мамандарының жауапкершілігі мен шыдамын сынға алды...

– Кәсіби қабілетіміз бен дайындығымызды біршама сынағаны рас. Қазір төтенше жағдайға көзіміз үйренді, елдің айтар сөзін де қабылдап жүрміз. Менің ойымша, ақ халатты жандар тек коронавирус індеті кезінде ғана емес, әрдайым жауапкершілікті сезініп жүрді. Әр саланың өзіне тән жауапкершілік жүгі болады ғой. Егер медицина мамандары аталған жүкті көтере алмайтын болса, бұл салада жүрмес еді.

– Ұлжан Берікқызы, айтыңызшы эпидемия жеке өміріңізге әсер етті ме? Отбасыңыздан оқшауланасыз ба?

– Әрине, отбасымнан оқшауланамын. Шынымды айтсам, мені үйге бару, бармауым алаңдатпайды. Керісінше жақындарыма жұқтырып алудан қатты қорқамын. Мамандығыма деген махаббатпен осындай тәуекелге бел буғандықтан жеке өміріме қатты әсер етпеді.

– Осы ретте медицина мамандарына қандай жеңілдіктер қарастырылып жатыр? Сол жеңілдікке іліндіңіз бе?

– Маңғыстау облысының әкімі С. Трұмов, денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ж. Жаманбаева дәрігерлерді қолдау мақсатында бізді қонақ үйге орналастырған болатын. Осы орайда қорықпай қабылдап, демалуымызға мүмкіндік бергені үшін қонақ үй басшылығына алғысымды білдіремін.

Мемлекет тарапынан берілетін материалдық көмектен табыс тауып отырмын деп айта алмаймын. Себебі бұрын істеп жүрген қызметтерімнен түсетін табыс әлдеқайда жеткілікті еді. Қазір жағдай керісінше. Минустары бар. Сондықтан дәрігерлер ақша үшін қауіпті ортаға келді, сол үшін жұмыс істеп жатыр деген түсінікпен келіспеймін. Моральді көмекті тиісінше медицина қызметкерлерінен аламыз. Кемедегінің жаны бір болғандықтан, бір-бірімізді түсініп, қолдау білдіреміз.

– Қазір аймақта 60-тан аса дәрігер коронавирус жұқтырып алғанын білесіз. Қорқасыз ба?

– Қорқамын, әрине. Өзімнен бұрын, айналадағы адамдарға білместікпен, кенет жұқтырып алудан қорқамын. Сондықтан барынша сақ болуға тырысамыз. Мен бір бункерде отқандаймын. Алда-жалда вирус жұқтырған адамның келетінін білемін. Санам, ойым осы алдын ала дайындықты, дертке қарсы сақтануды қабылдап үлгерді. Үнемі қорғанған күйде жүремін. 14 күн сайын анализ тапсырып, жағдайымызды біліп отыратын едік, енді 1 ай сайын тесттен өтеміз.

Қазіргі таңда барлық дәрігер вирус ошағында жүр, демек қауіп бар. Тек провизорлық, инфекциялық немесе обсервациялық ауруханада жүрген дәрігерлер ғана емес, шалғай аудандардағы учаскеде жүрген мамандар да қауіп ортасында...

– Сізді осы ой жиі мазалай ма?

– Ауылдық жердегі күнделікті қабылдауда отыратын дәрігерлер қауіптің қайдан келерін білмейді. Сақтанған күннің өзінде оларда біз сияқты мүмкіндік жоқ. Ұзақ уақыт қорғаныш киімдерімен отыра алмайды. Сол үшін уайымдаймын. Бәрінен де Бейнеу ауданындағы жағдайға көңілім алаң.

– Әңгімемізді әрі қарай өрбітейік. Дәл қазір сіз індет құрсауында қалған жандармен тікелей байланыстасыз ғой. Сондықтан көптің көкейінде жүрген сауалды қояйын. Коронавирусқа қарсы қандай емдік шаралар жүргізіліп жатыр?

– Осы тақырып күні бүгінге дейін әлеуметтік желіде талқыланып жатыр. Білесіздер, қазір коронавирустың симптомсыз түрі өршіп тұр. Бұл – өте қауіпті. Кейде госпитальге келген науқастар «Бізді неге оқшауладыңдар, емдеп жатқан жоқсыңдар», - дейді. Ия, расында да, біз ешкімді емдеп жатқан жоқпыз. Тек оларды бақылауда ұстаймыз. Не үшін бақылаймыз? Өйткені симптомсыз коронавирус тез жайылады. Адамның өзі де байқамай қалады. Науқастардың жағдайы апта сайын өзгереді. Температурасы көтерілгендерді инфекциялық немесе провизорлық ауруханаға жібере алмаймыз, оларға обсервациалық госпитальде симптаматикалық ем жүргіземіз. Сонымен қатар үш мезгіл уақытылы тамақ пен сұйықтықты ішуін талап етеміз. Бөлмені желдетіп, ауаны тазартуын, сондай-ақ қолды, ауызды жиі-жиі жуып тұруын қадағалаймыз.

– Індет әлемді жайласа да жайбарақат жүргендер жоқ емес. Оған себеп тұрғындардың «қолдан жасалған ауру» деп қабылдауы, саяси ойын деп санасын сендіруі. Маман ретінде сіз не дейсіз?

– Халықтың жауапкершілігі әлі де төмен. Егер жауапкершілікті сезінсе, жарияланған карантиннен үлкен сабақ алатын еді. Арақашықтықты сақтап, бетпердені тағып, далада жүруді азайтушы еді.

Салғырттық пен көзбояушылық арқылы өзіңізді, айналаңызды алдауыңыз мүмкін. Алайда вирусты алдап, одан алыстауыңыз мүмкін емес. Өзіңізді және өзгені індеттен аман алып қалу үшін барынша сақтанып жүруді әдетке айналдыру керек.

– Мамандығына берілген Ұлжанның шаршаған кезі болды ма?

– Біз де демалғымыз келеді, телефонның тыныш болғанын қалаймыз. Жасырмаймын, моральдық тұрғыдан шаршаймыз. Кейде тұрғындардың, тіпті іште жатқан науқастардың «коронавирус жоқ» деген сөзін көңілге де алып қаламыз. Содан болар сенбестіктен туған сөздер жүйкемді жұқарта бастағанын аңғардым. Сын сағатта ауыр сөздерді есту дәрігерлерге оңай емес қой. Тіпті ұйықтап жатсам да, санам ояу болатын түндер көп.

– Ұлжан Берікқызы, кеше ғана Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталғаныңызды естідік. Нағыз еңбектің жемісі, құттықтаймыз!

– Осы марапат жөнінде бір ауыз сөз айтқым келеді. «Денсаулық сақтау саласының үздігі» деген марапатты бергеніне алғысым шексіз. Бірақ... (сәл күрсініп) бәлкім дәл осы сәтте алғаннан кейін басқаша сезімде болдым. Себебі аталған марапатқа мен ғана емес, барлық медицина саласының маманы лайықты.

Салмақты сұхбат үшін рақмет. Кәсіби мерекеңізбен құттықтаймын, еңбегіңіз жемісті болсын. Амандықта жүздескенше!

Сұхбаттасқан Жұлдызай ҚАЛИЕВА

Фото, видеоны түсірген Талант ҚҰСАЙЫН

2212
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

Облыста коронавирустың белгілері жоқ тағы 35 тасымалдаушы тіркелді

Келесі жаңалық

Жаңаөзенде бір аптада пневмониядан 6 адам қайтыс болды

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    Рубрикалар

      МаңғыстауЖаңалықтарМаңғыстау жаңалықтарыРедакция газеттеріСараптамаТүпқарағанХабарландыруСаясатРедакция ұжымы

    Автордың басқа да жазбалары

    Қазақстан қоржыны қола жүлдемен толықты

    28 шілде, 20:50
    258

    Ақтауда қару ұстаған қыздардың ата-анасы жауапқа тартылды

    28 шілде, 18:34
    221

    Ақтау қаласының әкімі 1 шағынаудан тұрғындарымен кездесті

    28 шілде, 13:24
    241

    Маңғыстауға ҚР сыртқы істер министрлігі инвестиция комитетінің төрағасы Ғабидолла Оспанқұлов іссапармен келді

    28 шілде, 10:32
    229

    Қазақстандық спортшылар Олимпиада медалі үшін қанша алады?

    28 шілде, 10:29
    844

    Қазақстан, Иран, Түркіменстан және Ресей «Солтүстік-Оңтүстік» халықаралық көлік дәлізін дамыту үшін Жол картасына қол қойды

    19 шілде, 23:41
    368

    Жарнама берушілерге

    Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»