Маңғыстау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 4 адам тіркелді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Бірінші науқас - 1991 жылғы ер адам, Ақтау қаласының тұрғыны. Вирус дәрігерге қаралған кезде анықталды.
Екінші науқас - 1986 жылғы әйел адам, Түпқараған ауданының тұрғыны. Вирус дәрігерге қаралған кезде анықталды.
Үшінші науқас - 1984 жылғы ер адам, Ақтау қаласының тұрғыны. КВИ індетін жұқтырған адамдармен байланыста болған.
Төртінші науқас - 1966 жылғы әйел адам, Ақтау қаласының тұрғыны. Вирус дәрігерге қаралған кезде анықталды.
Қазіргі таңда бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізіліп жатыр. Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынды.
Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп жатыр.
17.06.2020 ж. жағдай бойынша өңірде барлығы 401 адамнан COVID-19 вирусы анықталды.
Ақтауда – 111
Жаңаөзенде – 36
Маңғыстау ауданында – 15
Мұнайлы ауданында – 27
Қарақия ауданы – 47
Бейнеу ауданында - 155
Түпқараған ауданында - 10
Жазылып шыққаны – 268
Қайтыс болған – 2