Бүгін Ақтауда мас күйінде көлікті басқарған 41 жастағы тұрғын жол апатына ұшырады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Оқиға таңертең сағат 08:50 шамасында 9 шағынаудан мен 14 шағынаудан қиылысында болған. Жүргізуші Tayota Camry көлігін дұрыс басқара алмағандықтан жол жиегіне шығып кеткен.
«Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды. Іс материалдары процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жіберіледі», - деп мәлімдеді МО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Көлік тұраққа қойылды.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА
Суреттер мен видеоны түсірген Талант ҚҰСАЙЫН