«Ақжол Құрылыс» мердігер мекемесі Сай-Өтес ауылындағы автожолдың және жаяу жүргінші көпірінің құрылысын жүргізеді. Бұл туралы Маңғыстау ауданы әкімінің орынбасары Талғат Қылаңов айтты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Аталған мекеме тендерге қатысып, жеңімпаз атанған болатын. Енді «Ақжол Құрылыс» серіктестігі Толыбай ауылының автожол құрылысына жауапты болмақ. Жоба құны – 509 693 000 теңге. Жобаны іске асыру аясында 70 жұмыс орны құрылады. Оның ішінде жұмыспен қамту арқылы жолдама алған 39 адам бар.
Сонымен қатар мердігер мекеме Сай-Өтес станциясында теміржол арқылы өтетін жаяу жүргінші көпірінің де құрылысын жүргізеді. 56 952 000 теңгеге бағаланған жоба 14 адамды жұмыспен қамтиды.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА