Шетпе-Қызан арқылы 12 988 шақырымдық автожол көпірін «Design School» серіктестігі жөндейді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Жоба құны – 117 339 000 теңге. Жоба аясында 30 жұмыс орны құрылады.
Ал «Абат» серіктестігі Шетпе ауылішілік жолдарға орташа жөндеу жасауға жауапты болмақ. Жөндеу жұмыстарына бөлінген қаржы – 240 800 000 теңге. Қазіргі таңда оның 74 млн теңгесі игерілді және 36 жұмыс орны ашылды.
«Шайыр ауылдық Т.Жалғасбайұлы атындағы мектептің ағымдағы жөндеу жұмыстарына 105 млн теңге бөлінген болатын. Бұл жобаны да «Абат» мердігер мекемесі жеңіп алды. Мұнда көзделгені 15 орын, оның ішінде жұмыспен қамту арқылы 7 адам жолдама алды», - дейді Маңғыстау ауданы әкімінің орынбасары.