20 мамыр күні 9, 14, 15 шағынаудандардағы теңіз жағалауына орындықтарды қою жұмыстары басталды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Аталған жұмыстар апта соңына дейін жалғасады.
Сонымен қатар 14 және 15 шағынаудандардағы теңіз жағалауында орналасқан фото-көрмелік конструкциядағы 27 сурет ауыстырылды. Фото-көрмелік тақтайшаға Маңғыстаудың көрікті жерлері мен киелі мекендерінен сыр шертетін суреттер қойылған.
Ақтау қаласы әкімдігі қала тұрғындарын қала келбетінің әсемдігін сақтауға, сәулетін көркейтуге үлес қосуға шақырды.
«Осыған дейін 20-дан аса тақтайша әйнегін әдейі сындырған, суреттері жыртылған болатын. Сондықтан қаланы таза ұстайық, бүлдіріп, сындыруға жол бермейік. Егер құқық бұзушылыққа куә болсаңыз, бірден құзырлы органға хабар беріңіз», - делінген ақпаратта.