2013 жылы Қазақстан Президентінің Жарлығына сәйкес 21 мамыр Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні деп бекітілген болатын. Сол уақыттан бері Қазақстанның барша өнер, мәдениет қызметкері кәсіби мерекесін дәл осы күні атап өтеді.
Бұл мереке еліміздің рухани дамуына және мәдени мұрамызды дәріптеуге үлес қосып жүрген жандарды біріктірген, шығармашылық адамдарына деген айрықша ілтипат пен құрметтің белгісі, әрбір мәдениет және өнер қызметкерлері үшін ерекше күн.
Кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын!