Құрметті мәдениет саласының қызметкерлері!
Бүгінгі мəдениет және өнер қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын!
Халқымыздың бай мұрасын дәріптеп, төл өнерімізді өзгелерге насихаттау жолында аянбай еңбек етіп жүрген театр, музей, кітапхана мамандары мен өнер саңлақтарына алғысымыз шексіз. Әдебиет саласында қалам тербеп, тер төгіп жүрген ақын-жазушыларымыздың да қашанда еңбегі зор! Еліміздің ертеңі мен кемел келешегі рухани жауһарларымыз һәм мәдени құндылықтарымызбен тікелей байланысты. Өнері өрге жүзіп, өркендеген қоғам ғана көш басында болады. Абай атамыз айтқандай "Өнер жұтамайды. Мәдениет - мәңгі мұра".
Үлкен іске ұйытқы болып, ел үшін талмай еңбек ете берулеріңізге тілектеспін! Отбасыларыңызға амандық, шалқар шабыт, толайым табыс тілеймін!
Құрметпен, Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов