Ауа райы жылына бастады. Бұл кезеңде қаладағы көпқабатты тұрғын үйлерде балалардың терезеден құлау жағдайы жиілей түседі. Мұндай жазатайым оқиғалар үлкендердің бақылауынсыз балалар үйде жалғыз қалған кезде болады. Маңғыстау облысының ТЖД мәліметіне сүйенсек, республика бойынша 2020 жылдың 4 айында балалардың абайсызда терезеден құлауына қатысты 14 оқиға тіркелді. Көбінесе 2 және 8 жас аралығындағы балалар терезеден құлаған. Ал мамыр айында Нұр-Сұлтан қаласындағы көпқабатты ғимараттан 4 жасар баланың, сонымен қатар Тараз қаласында 2 жасар баланың терезеден құлау оқиғалары болған. Айта кетейік, 2019 жылы республикада балалардың терезеден құлауы бойынша 100 астам оқиға тіркелген болатын.
«Балалар терезеге жақын тұрған жиһазды немесе басқа да заттарды пайдалана отырып, терезенің үстіне шығып москит торына сүйенеді де терезеден құлап кетеді. Терезедегі москиттік торларға сенбеу керек. Олар құлаудан сақтауға арналмаған. Керісінше, москиттік тор қайғылы жағдайдың болуына әкеліп соғады. Балалар москиттік торларды қауіпсіз деп ойлайды және терезеге сүйенгендей сол торларға сүйенеді. Ең сапалы тордың өзі баланың салмағы мен қысымды көтере алмайды», - дейді Маңғыстау облысының төтенше жағдай департаментінің мамандары.
Осы ретте Маңғыстау облыстық төтенше жағдай департаментінің мамандары келесі қауіпсіздік ережелерін сақтауды талап етіп отыр.
Құрметті ата-ана, осыған орай Сіздерге келесі ережелерді ұстану қажет:
1. Үйде балалар болған жағдайда, ешқашан терезені ашық қалдырмаңыз! Сіз балаңыздың жанында болғаныңызбен, өз назарыңызды басқа нәрсеге аударған мезетте балаңыз өз өмірімен қош айтысуы мүмкін.
2. Барлық жиһаздарды бала терезе алдына шыға алмайтындай етіп, терезе жанынан алшақ қойыңыздар. Егер бұл мүмкін болмаған жағдайда, балаларға терезеге жақын орналасқан кереует немесе басқа да жиһаздардың үстінде ойнауына рұқсат бермеңіз.
3. Балконға ересектердің еріп жүруінсіз шығуға рұқсат бермеңіз.
4. Терезе қалай ашылатынын балаға көрсетпеңіз. Ол өз бетімен терезе ашуді үйренген сайын, оның пәтерде болуы қауіпті болады.
5. Балалардың жасы үлкендеріне өзінен кейінгі жасы кішілеріне қарап жүруіне, сақтық шараларын сақтауды үйрету керек.
6. Ешқашан ұйықтап жатқан баланы жалғыз өзін қалдырмаңыз, себебі бала оянып терезеге қарай ұмтылуы мүмкін.