Науқас - 37 жастағы Жаңаөзен қаласының тұрғыны. Ол скрининг кезінде анықталды. Яғни, науқастың өзі медициналық мекемеге жүгініп, одан сынама алынды. ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды, делінген МО ҚКО таратқан ақпаратта.
Қазіргі таңда ол Ақтау қаласындағы облыстық ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімінде жатыр. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда. Ауру ошағында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.
20.05.2020 ж. жағдай бойынша өңірде барлығы 163 адамнан COVID-19 вирусы анықталды.
Ақтауда – 34;
Жаңаөзенде – 24;
Маңғыстау ауданы – 7;
Мұнайлы ауданы – 4;
Қарақия ауданы – 30;
Бейнеу ауданы – 64;
Жазылып шыққаны – 60;
Қайтыс болған – 1.