Қарақия ауданына қарасты Сенек ауылының 13 тұрғынынан вирус анықталуына байланысты ауыл карантинге жабылды. Ауылға кіре беріс тұсқа блок-посттар қойылып, күзет күшейтілді.
Науқас шыққан үйлерге, көшеге дезинфекция жұмыстары жүргізіліп жатыр. Залалсыздандыру жұмыстары тұтас ауылға жүргізіледі. Бұл жағдай аудан басшыларының жіті қадағалауында.