Маңғыстау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 10 адам анықталды. Вирус жұқтырған 1989, 1996 және 2014 жылғы 3 ер азамат және 1983, 1994, 2005, 2006, 2006, 2012 және 2018 жылғы 7 азаматша өзіне дейін вирусты жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болған. Барлығы бірден карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған.
Науқастардың барлығы Қарақия ауданы Сенек ауылының тұрғындары. ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды.
Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда.
Қазір Сенек ауылында толықтай дезинфекциялық жұмыстар басталып кетті.
29.04.2020 ж. жағдай бойынша өңірде барлығы 44 адамнан COVID-19 вирусы анықталды.
Ақтауда – 18
Жаңаөзенде – 5
Маңғыстау ауданында – 4
Мұнайлы ауданында – 3
Қарақия ауданы – 14
Жазылып шыққаны – 7
Қайтыс болған – 1