Бұл туралы Маңғыстау ауданының әкімдігі хабарлады.
Маңғыстау ауданы, Шетпе ауылында тіркелген тағы бір науқас емделіп шықты. 1992 жылы туған әйел 12 сәуір күні аудандық аурухана жанындағы жұқпалы аурулар бөліміне «Коронавирустық инфекциясының» нақтылануы бойынша жатқызылған болатын. Барлық протоколдық емдеу шаралары қолданылды. Соңғы тапсырған талдау нәтижелері оның бойында вирустың жоқтығын дәлелдеді.