Қоғамдық көліктердің тоқтауына байланысты Ақтау қаласы бойынша заңды тіркелген рұқсатнамасы бар такси қызметтерін пайдалануға болады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты облыстық қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.
Ұсынылып отырған такси қызметі заңды түрде тіркелген, арнайы жабдықталған автокөліктер. Олар уақытылы дезинфекция жұмыстарын жүргізіп отырады жəне барлығында антисептикалық сұйықтықтар бар.