• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Бейсенбi, 25 Шілде 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Күйеуі пышақтаған әйел жүктіліктің оныншы аптасында болған...

Маңғыстауда «AMANAT» партиясы төрағасының орынбасары тағайындалды...

Маңғыстауда жаңа су құбырының құрылысы басталды...

Ақтауда «Жаныңда жүр жақсы адам» байқауының жеңімпаздары анықталды...

Футболдан Англия құрамасы Еуро-2024 финалына шықты...

  • USD: 474.09 ₸
  • EUR: 514.01 ₸
  • RUB: 5.48 ₸

Гүлмира Бурхандинова: Жыл соңында студент көшбасшылардың базасы жасақталады

[ 2022 ] 23 тамыз, 15:05  |  Сұхбат

Биыл маңғыстаулық жастар үшін маңызды әрі сәтті жыл болмақ. Себебі Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының тапсырысы негізінде «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КеАҚ бірлесе жастардың дамуы мен білім жетілдіруге бағытталған гранттық жобаларды өңір азаматтары іске асырады. Грант жеңімпазы атанып, іске белсене кіріскелі жатқан қордың бірі – «Ақтау студенттер Альянсы» корпоративтік қоры. Олай болса, қордың негізгі қызметі мен міндеті қандай? Жыл соңына дейін жастарды қуантатын қандай жоспарлары бар? Бұл туралы «Ақтау» студенттер Альянсы» корпоративтік қорының атқарушы директоры Гульмира Бурхандиновадан сұрап білдік.

– Қайырлы күн, Гүлмира, өзіңіз қолға алған жоба жайлы айтсаңыз?

– Биыл маңғыстаулық студенттер үшін ерекше есте қалар жыл болады. Себебі, біз, «Ақтау студенттер Альянсы» облыс студенттеріне арналған түрлі, қызықты шараларды өткізуді жоспарлап отырмыз. Мұның барлығы облыстың жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының тапсырысы аясында Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен берілген гранты негізінде «Жоғары және орта кәсіптік оқу орындарында студенттік өзін-өзі қалыптастыру жүйесін дамыту» тақырыбында жүзеге асады. Негізгі мақсатымыз – жан-жақты және қоғамға пайдалы студенттік өмірді, жастарды мәдени, рухани-адамгершілік құндылықтарға тарту бойынша жүйелі жұмысты ұйымдастыру, студенттердің әлеуметтік өзін-өзі қалыптастыруына жәрдемдесу.

– Нақтыласаңыз, алда қандай жоспарлар бар?

– Оқу жылының басталуына аз ғана уақыт қалды. Қазір ақпараттық жұмыстарды жүргізіп жатырмыз. Тамыз аяқталмай жастармен ашық аспан астында «Open air» тимбилдинг ұйымдастырамыз. Бұл жаздың соңғы күндерін қызықты әрі бос уақытты тиімді өткізуге себеп болатыны анық. Сонымен қатар студенттердің бір-бірімен байланыс орнатып, коммуникация құруға оң әсер етеді. Тимбилдинг аясында жаңа дағды, жақсы қасиеттерді бойға сіңіріп, ұйымшылдықпен алға жылжуға, көшбасшы болуға ұмтылады. Ал қыркүйектен бастап негізгі әрі нағыз қайнаған студенттік өмірдің ішінде боламыз. Бұл біз үшін де, студенттер үшін де маңызды кезең.

– Қыркүйекте студенттерді қалай қуантпақсыз?

– Қуантатын шара көп. Нақтыласам, «Үздік спорттық оқу орнын» анықтау үшін футбол, волейбол, үстел теннисінен жарыс өткіземіз. Суретшілер арасында «Бояулар сыры» байқауын ұйымдастырамыз. Лирикаға, поэзия мен әдебиетке жақын студенттер үшін «Поэзия, менімен егіз ба едің?» атты поэзия кешін ұсынамыз. Одан бөлек студенттер арасында караокеден «Жұлдызды кеш» байқауы, «Домбыра party», «Үздік мобилограф», «Өнерлі жас толқын» студенттер байқауы өтеді. Ең негізгі шара – «Жыл студенті – 2022» байқауы. Аталған байқау арқылы жылдың үздік студентін анықтаймыз. Сонымен қатар «Көшбасшы имиджі», «Бизнес және мотивация» тақырыбында республикалық деңгейде үздік спикерлердің қатысуымен мотивациялық тренингтер өткіземіз.

– Сонымен аталған шаралардан бөлек, жобаның жастар үшін қандай маңызы бар?

– Әрине, жастар үшін маңызды. Менің ойымша, осындай жобалар арқылы және оны орындау барысында студент жастардың белсенділігі мен білімділігіне көз жеткіземіз. Олардың жан-жақты болуына мүмкіндік береміз. Соның нәтижесінде Ақтау қаласында жоғары оқу орындары мен орта кәсіптік оқу орындарында студенттік өзін-өзі қалыптастырудың бірыңғай құрылымы құрылады. Ал жыл соңында студент жастар көшбасшыларының базасы жасақталып, белсенді студенттердің саны артады.

Осы ретте, жастарды студенттік шағын қызықты да белсенді өткізуі үшін біздің қатарға қосылуға шақырамыз. Біз сіздерді жастар орталығында күтеміз. Сонымен қатар студенттердің маңызды мәселелері мен ауқымды жоспары болса, біздің парақшаға хат жолдаса болады.

– Гүлмира, сұхбат үшін рақмет. Сәттілік!

770
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

Маржан ЕРШУ: Бопай ханымды намыстан жаздым

Келесі жаңалық

Гүлсина Мирғалиева: Театр арқылы кез келген нәрсе халыққа тез жетеді

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    Рубрикалар

      ҚұқықМаңғыстау жаңалықтарыРедакция ұжымыАудан тынысыБайланыс мәліметтеріАНТИКОРМәселеМәдениетКомплаенс

    Автордың басқа да жазбалары

    Қазақстан, Иран, Түркіменстан және Ресей «Солтүстік-Оңтүстік» халықаралық көлік дәлізін дамыту үшін Жол картасына қол қойды

    19 шілде, 23:41
    352

    Ақтаулық Ұлттық ұлан сарбазы Қорғаныс министрінің кубогын иеленді

    13 шілде, 20:31
    229

    Ақтауда 19 шағынаудан тұрғындары жарықсыз қалды

    13 шілде, 19:03
    284

    Ашық есік күні: Бір адамнан қатерлі ісік анықталды

    13 шілде, 18:04
    316

    Маңғыстауда жағадан алыстап кеткен әйел мен бала құтқарылды

    13 шілде, 17:46
    345

    Жергілікті өнім: Тұщыбек ауылында су құтылайтын цех іске қосылды

    13 шілде, 13:34
    343

    Жарнама берушілерге

    Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»