Бүгін облыстық «Маңғыстау» газетінің бас редакторы болып ҚР Ақпарат саласының үздігі, журналист Лаура Тындырғанова тағайындалды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
«Маңғыстау-Медиа» ЖШС директоры Гүлмира Әбішева ұжымға жаңа бас редакторды таныстырып, басылымға жаңа серпін әкелу жолында бірқатар міндет жүктеді.
Лаура Қобыландықызы Тындырғанова Ақшымырау ауылында өмірге келген. Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжін, қазақ-орыс халықаралық университетін аяқтаған. Еңбек жолын 2007 жылы Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы «Жаңа өмір» газетінде әдеби қызметкер болып бастаған.
2007-2008 жылдар аралығында «Жаңа өмір» газетінде әдеби қызметкер, 2008-2010 жылдар аралығында «Мұнайлы» газетінде тілші, жауапты хатшы, 2010 жылдан 2016 жылға дейін «Жаңа өмір» газетінде тілші, бөлім редакторы, «Қазақстан-Ақтау» телеарнасының меншікті тілшісі қызметін атқарған.
2016 жылдан 2019 жылға дейін бас редактор, 2019 жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында «Маңғыстау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі» мемлекеттік мекемесінде басшының орынбасары, 2019 жылдың қазан айынан бастап 2021 жылдың мамыр айына дейін «Маңғыстау» телеарнасында жаңалықтар бөлімінің шеф-редакторы қызметінде болған.
2021 жылдың мамыр айынан бастап «Маңғыстау-Медиа» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде директордың орынбасары қызметін атқарған.