Бүгін Ақтау қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы болып Қолқанат Есмұрзаева тағайындалды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Қолқанат Есмұрзаева 1966 жылы 16 желтоқсанда дүниеге келген. 1990 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтында «Гигиена, санитария, эпидемиология» мамандығын бітіреді.
2017 жылы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Құрмет грамотасымен», 2020 жылы «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» төс белгісімен марапатталады.
Еңбек жолын 1990 жылы Жаңазен қалалық санэпидстанциясының санитарлық дәрігері, кейін Қарақия аудандық және Жаңаөзен қалалық санэпидбақылау басқармасы басшысының қызметін атқарады.
2019 жылдан бастап бүгінге дейін Маңғыстау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Жаңаөзен қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы лауазымын атқарған.