ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 22 ақпандағы Жарлығымен ел өңірлерінде сот төрағалары мен судьялар тағайындалды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША
Ақтау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотына:
Елеусінова Айгүл Таңбайқызы (осы облыстың Бейнеу аудандық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып).
Жаңаөзен қалалық сотына:
Қосмағанбетов Алмат Мақсатұлы.
Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа:
Ақтөлиева Айгүл Нұрланқызы;
Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа:
Медиев Ақылбек Есенұлы тағайындалды.