«Маңғыстау медиа» ЖШС директоры Айсұлу Қабышқызының бұйрығымен облыстық «Маңғыстау» газеті редакторының орынбасары қызметіне Валентина Мұстажапқызы тағайындалды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Валинтина Қозыбақова өзінің журналистік қызметін осыдан 39 жыл бұрын 1981 жылы Түркменстан қазақтарының төл газеті болған «Жұмысшыда» тілші, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары қызметтерін атқарған.
2000 жылы қыркүйектен бастап Маңғыстау облыстық теле-радиокомпаниясында радио-тележурналист болып жұмыс істеген.
2002 жылы Халықаралық телестудия мектебінде «Режиссура және актерлік шеберлік», «Сөйлеу техникасы» сияқты курсарды бітіріп, әлемнің атышулы «Би-би си», «Эй би-си», «Ассошейте пресс» сияқты БАҚ-ң мамандарының, «Тефи» сыйлығының иегері Нина Звереваның дәрістерімен сусындады.
2003 жылдан бері облыстық «Маңғыстау» газетінің тілшісі болып қызмет етті.
Оның денсаулық тақырыбына жазылған мақалалары жоғары бағаланып, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі салауатты өмір салтын қалыптастыру ұлттық орталығы ұйымдастырған республикалық байқауда 2005 жылы бас жүлдені, 2006 жылы «Үздік журналист» атағын жеңіп алды. Валентина Қозыбақова бұған дейін Маңғыстау облысының әкімдері Б.Мұхамеджановтың, Е.Тоғжановтың Алғыс хаттарымен марапатталған.
Сонымен қатар «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен наградталды.