Маңғыстау ауданының әкімі болып Тілек Қошмағанбетов тағайындалды. Тілек Жеткізгенұлы1979 жылы Маңғыстау облысының Маңғыстау ауданы Шетпе ауылында туған. Білімі – жоғары, 2002 жылы М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын «қаржы және несие» мамандығы бойынша, 2013 жылы Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірді. Еңбек жолын 2001 жылы «Нефтебанк» акционерлік қоғамында несие бөлімінің маманы қызметінен бастап, кепілдік беру бөлімінің бас маманы, несие бөлімінің менеджері қызметін атқарды. 2006 – 2007 жылдары «ТМ-2006» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры. 2007 – 2010 жылдары Мұнайлы аудандық кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы, кейін бөлім басшысы лауазымын атқарды 2010 – 2012 жылдар аралығында Маңғыстау облысының қаржы басқармасы бастығының орынбасары болып қызмет атқарды. 2012 – 2015 жылдары Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары болды. 2015 жылдың қазан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Ақтау қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.