Жиында Ұлттық қауіпсіздік стратегиясының іске асырылу барысы және алдағы кезеңге арналған міндеттер, сондай-ақ Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері қаралды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Ақордаға сілтеме жасап. Басқосуда Ұлттық қауіпсіздік стратегиясына қатысты іс-шараларды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік органдардың үйлесімді іс-қимылын қамтамасыз етудің маңыздылығы атап өтіліп, осы сала бойынша алдын алу шараларын уақтылы әзірлеу қажеттігі айтылды. Отырыс қорытындысы бойынша Қазақстан Президенті бірқатар нақты тапсырма берді.