- ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Каспий маңы мемлекеттерінің басшылары кездесетін күнді жариялады, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазіргі уақытта Каспий маңындағы барлық бес мемлекеттің - Қазақстан, Әзірбайжан, Иран, Ресей және Түрікменстанның сыртқы саяси ведомстволары бесінші Каспий саммитіне дайындық жұмыстарын бастап кетті. Саммит 12 тамыз күні Ақтау қаласында өтеді», - деді Қайрат Әбдірахманов Үкімет үйінде журналистерге берген сұхбатында.
Оның айтуынша, барлық мемлекеттер саммитке қатысатындығын растаған.