Түпқараған ауданына Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаттары Сәкен Өтебаев – Мәжілістің экономикалық реформалар және өңірлік даму комитетінің мүшесі, Тарас Хитуов - Мәжілістің экономикалық реформалар және өңірлік даму комитетінің мүшесі, Кәрібай Мұсырман - Мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі, Асылбек Смағұлов – Мәжілістің заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі жұмыс сапарымен келді.
11 шілде күні Түпқараған аудандық әкімдігінде аудан әкімі Т.Асауовпен кездесіп, ауданның даму жоспарымен танысып, әлеуметтік экономикалық мәселелерді талқылады. Депутаттардың жұмыс сапарының басты мақсаты – Президент Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған 5 әлеуметтік бастамасын Маңғыстау облысының тұрғындарына түсіндіру. Осы орайда мекеме қызметкерлерімен кездесті.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Жағалау жаман болмайды (ФОТО)Кездесу барысында халық қалаулыларына ауданымыз бен Форт-Шевченко қаласының дамуы бойынша өзекті сұрақтар қойылып, депутаттардың жауабы тыңдалды. Сондай-ақ жиыннан соң халық қалаулылары қаланы аралап, танысып, «Нұр Отан» ТАФ ғимаратында аудан тұрғындарын қабылдады.
Жадыра ЖОЛДАСОВА