Облыс әкімінің кеңесшісі болып Әсел Балманова Аманбекқызы тағайындалды.
Әсел Балманова Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында 1987 жылы 22 қыркүйекте дүниеге келген. Білімі - жоғары (2009 жылы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, 2012 жылы «Еуразия» институты «Юриспруденция», 2016 жылы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті - «Экология» магистрі).
Еңбек жолын 2010 жылдың наурыз айынан Батыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының, қоршаған ортаны қорғау және мониторинг бөлімінің бас маманынан бастады.
11.2012-12.2016 жж.- бас маман, Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының ақпараттық және құжат айналымы бөлімінің басшысы;
02.2017-10.2017 жж. - Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылық басқармасының құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы;
10.2017 ж. бастап - «Батыс Қазақстан облысының кәсіподақтар орталығы» Кәсіподақтар аймақтық қауымдастығының төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды.