©
Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы болып Серік Қалдығұл Сырымұлы тағайындалды.
Серік Қалдығұл 1968 жылы 19 қазанда Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шетпе ауылында дүниеге келген.
Білімі - жоғары, 1992 жылы Батыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылық институтын «агроном» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 1992 жылы Ақтау қаласында бастаған.
05.1992-04.2001 жж. - Ақтау қаласындағы «Теңге» фирмасында брокер.
04.2001-02.2002жж. - Ақтау қаласындағы «Семсер» ЖАҚ кеңесшісі (консультант).
05.2002-08.2007жж. - «Берекет-Ақтау» ЖШС директоры
02.12.2007-06.12.2007жж. - Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасының Ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу және техникалық саясат бөлімінің басшысы.
06.12.2007-30.01.2009жж. - Мұнайлы аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы.
04.02.2009-19.02.2010жж.- Мұнайлы аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің сектор меңгерушісі
19.02.2010 - 05.05.2011жж. - Мұнайлы аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы.
06.05.2011-02.08.2013 - Мұнайлы ауданы Дәулет ауылының әкімі.
05.08.2013-26.11.2017 - Жаңаөзен қаласы әкімінің орныбасарының м.а., Жаңаөзен қалсы әкімінің орынбасары.
27.11.2017-03.01.2018жж.- Маңғыстау облысы ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары болып қызмет атқарды.