©
Бүгін Маңғыстау облысында шығып қалған мәслихат депутаттарының орнына сайлау өтуде. Маңғыстау облыстық сайлау комиссиясының қаулысына сәйкес, 3 облыстық, 1 Жаңаөзен қалалық, 1 Қарақия аудандық және 1 Мұнайлы аудандық депутаты сайланады.Мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу 3 қазанда аяқталып, сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары 4-27 қазан аралығында жүрді.
Маңғыстаулықтар таң атысымен мәслихат депутаттығына үмiкерлерге дауыс беруге асықты. Сайлау учаскесіне келген 14 шағынауданның тұрғыны Ләйла Жалғасбаева сайланатын депутаттардың Қазақстанның жеткен жетістіктерін одан әрі дамытып, өз үлестерін қосатынына сенім білдірді. Осы күні өлке тұрғындарымен бірге Маңғыстау обылысының әкімі Ералы Тоғжанов та өз таңдауын жасады. Ақтаудағы №32 сайлау учаскесінде дауысқа түсіп жатқан кандидаттардың арасында Ақтау қаласының әкімі Серікбай Тұрымов та бар. Бұған дейін лада.кз сайты Маңғыстау облыстық мәслихаты хатшысының міндетін атқарушы Аббат Өрісбаевқа сілтеме бере отырып, Ақтау қаласы әкімінің қазір жалақысы сақталмайтын демалыста екендігін хабарлаған болатын. Егер С. Тұрымов мәслихат депутаты болып сайланған жағдайда, ҚР заңнамасына сәйкес, оның әкімдік қызметі тоқтайды.Камшат ОҢҒАЛТАЙ
Суреттерді түсірген Серік МАЙЕМЕРОВ
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="40324,40321,40320,40323,40322,40318,40339"]