6-сайланған Жаңаөзен қалалық мәслихатының кезекті 14-ші сессиясы қазанның 11-і күні шақырылды. Сессияның күн тәртібінде қаланың 2017-2018 жылдардың жылыту маусымына дайындығы, Ұлт жоспары - бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамның орындалысы, сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту мәселелері қаралды.
Қала бойынша күзгі-қысқы жылыту маусымына дайындық жұмыстары жайында «Жаңаөзен қалалық тұрғын үйкоммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Нұрхан Мұстафаев баяндады. Оның айтуынша, бүгінгі күнге дейін қалалық штабтың 14 отырысы өткізіліп, әзірлік жұмыстары қамтылған.
- «ӨзенЖылу» МКК-на қарасты Орталық жылу қазандығынан қаланың 245 көпқабатты тұрғын үйлер (14074 пәтер), 53 білім беру мекемесі, 8 денсаулық сақтау, 29 әртүрлі әлеуметтік нысандар және 33 дана дербес жылыту қазандықтарына дайындық жұмыстары жүргізілді. Орталық бу қазандығына қарасты, Аурухана жылу қазандығы, Қызылсай жылу қазандығы және Темір жол бекеті жылу қазандықтарына ағымдағы жөндеу жұмыстары толықтай аяқталып, жылу қазандықтары науқанға дайын. Кіші ЖЭО бу қазандығы бойынша, ағымдағы жылдың 10 қазанына толық жүктеме беріп, кешенді тексеріс жасау жоспарланды. Сыртқы жылу жүйелері бойынша жүргізілген жөндеу жұмыстары аяқталды. Жалпы, қазандықтар және жылу жүйелері қысқы науқанға толықтай дайын, - деді Н.Мұсатафаев.
Сондай-ақ, баяндамада айтылғандай «Рахат», Теңге, Қызылсай ауылдары бойынша күзгі-қысқы дайындық шаралары да аяқталған. Ауылдардағы КТПН-6/0,4 кВ (комплектті трансформаторлық станция) трансформаторында орналасқан автоматты ажыратқыштар жаңасына ауыстырылып, бірінші бағанаға шығатын 0,4 кВ кабель желілері өзгертілген. Барлығы трансформаторлардың 5 тоннаға жуық майлары жаңартылып, автоматты ажыратқыштардың 43 данасы жаңасына ауыстыру және жүктемелік күштер әсерінен зақымдалған кабельдердің 1,5 шақырымына жөндеу және бөліп тарату жұмыстары жүргізілген.
Ал, ауа-райы күрт төмендеп, қала жолдары мұзғалақ болған жағдайда «Тазалық» МКК 20 тонна тұз және оған араластыруға 40 тонна топырақ (ПГС) сақтауға қойған. Қала және оған іргелес орналасқан елді-мекендердің автомобиль жолдарын қар жауып, басып қалған жағдайда, қардан тазарту жұмыстарына 1 дана Камаз (комбинированный), 3 дана фронталды жүк тиегіш, 3 дана автотөңкерме (самосвал), 2 дана қар тазалағыш трактор, 1 дана автогрейдер көліктері мен арнайы техникалары жұмылдырылуға дайындалған.
- Ағымдағы жылдың 1 мамырынан 31 шілде аралығында барлығы 213 көпқабатты тұрғын үйлерінің жертөлесіндегі жылу желілері мен жүйелеріне гидропневматикалық сынақ жұмыстары жүргізіліп, консервацияға қойылды. Барлығы 1206 метрді құраған (соның ішінде: ø57 мм, ø40 мм, ø32 мм, ø20мм) тозығы жеткен құбырларды аудару жұмыстары ағымдағы жылдың 1 қазанға дейін толық аяқталды, - дейді, Н.Мұстафаев.
Сонымен қатар, қала бойынша барлығы 29 ЖПИК жұмыс жасауда. Жоғарыда аталып өткен іс-шараларға сәйкес көпқабатты тұрғын үйлердің кондаминум объектілерін күзгі-қысқы кезеңге әзірлеу жұмыстары жүргізілген. Барлық көпқабатты тұрғын үйлердің жертөлелері қоқыстан тазаланып, 193 үйдің жертөлелеріне алқа қойылған.
Бұл мәселе бойынша ұсыныс айтқан қалалық мәслихат депутаты Мұрат Сариев: - Қалалық мәслихатта жылыту маусымы мәселесі күн тәртібінен түспей келеді. Коммуналдық шаруашылық кәсіпорындары көрсетілген қызметтеріне алажағы, сондай-ақ, мекемелердің бір-біріне берешек қаражаттары шешілген жоқ. «Өзенжылу» мекемесіне қала тұрғындары 173 млн. теңге, кәсіпкерлік нысандар 3 млн. теңге, бюджет мекемелері 4 млн. 800 мың теңге қарыз болса, ал мекеменің өзі басқа мекемелерге 252 млн. теңге берешегі бар. «Өзенинвест» мекемесі басқа мекемеден 225 млн. теңге жуық алуы қажет болса, 174 млн. теңге берешегі бар. Ал, «Тазалық» мекемесінің жалпы қарызы 69 млн. теңге болса, 145 млн. теңге қала тұрғындары, 21 млн. теңге кәсіпкерлік нысандар мекемеге беру керек қарыздары бар. Егер де, қала тұрғындары, кәсіпкерлік нысандар пайдаланған суы, тоғы, газы, жылуы үшін уақытында ақшасын төлеп отырса, бұл мекемелердің қарыздары болмас еді. Халықтан сұралатыны осы, - деді.
Сонымен бірге, Елбасы Н.Назарбаевтың бес институционалдық реформасын жүзеге асыруға бағытталған «100 нақты қадам Ұлт жоспары» аясында қалада атқарылған жұмыстар баяндалды. Бұл жөнінде қала әкімінің әлеуметтік мәселелері жөніндегі орынбасары Сәнім Танаева толық айтып өтті.
- Өздеріңіз білетіндей, аталмыш құжатта кәсіби мемлекеттік аппараттық құру ең бірінші қадам ретінде белгіленіп, мемлекеттік қызметтің сапасы мен тиімділігіне аса зор мән берілген. Осыған орай, жаңа реформалардың аясындағы жаңа талаптарға және ҚР мемлекеттік қызметі туралы және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл туралы заңдары мен Әдеп Кодексіне сәйкес, Жаңаөзен қаласының әкімдігімен жұмыстар атқарылуда, - дейді С.Танаева.
Жаңаөзен қаласы бойынша мемлекеттік қызметшілердің штат саны - 125. «100 нақты қадам» Ұлт жоспарына сәйкес мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру мақсатында, биыл 72 мемлекеттік әкімшілік қызметшілер кешенді аттестаттаудан өткен. Нәтижесінде, облыстық және қалалық аттестаттау ко- миссиясының шешіміне сәйкес 61-і «қызметіне сай», 8-і «қызметіне сай және жоғарылатуға жатады», ал 3-і «қызметіне сай емес, төмендетуге жатады» деген шешім шығарылған. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне қойылатын жалпы қабылданған талаптарды іске асыру, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыру мақсатында, Жаңаөзен қаласы әкімдігінің мемлекеттік қызметшілерінің арасында бірыңғай форма (киім) мәселесі енгізіліп, міндеттелген.
Мемлекеттік қызметтің сапасын көтеруден бөлек Ұлт жоспарындағы әрбір қадам аясында жұмыстар жасалған. Жаһандық өзгерістер мен әлемдік трендтер мектептегі білім беру мазмұнының жылдам қарқында жаңаруын талап ететін білім саласына қатысты 1, 2, 5, 7-ші сыныптар жаңартылған білім мазмұнына көшкен. Осы сыныптарға сабақ беретін мұғалімдер «Білім мазмұнын жаңарту» біліктілік курстарынан өткен. 2016 жылы 268 мұғалім, 2017 жылы 369 мұғалім біліктілігін арттырған.
Тағы оқыңыздар: Жұмыстағы табысы жайдарманнан басталды- Білім беру жүйесінде жоғары сыныптарды ағылшын тілінде оқытуға кезең-кезеңімен көшу 79-қадамда атап өтілген. Осы бағытта Маңғыстау облысы бойынша 13 мектеп жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерді ағылшын тілінде оқыту тәжірибесіне енді. Қала мектептерінен 148 мұғалім ағылшын тілін үйрену біліктілік арттыру курстарынан өтті, - дейді қала әкімінің орынбасары.
Елбасының «Ұлт жоспары» 100 нақты қадам бағдарламасының денсаулық сақтау саласына қатысты 80, 81, 82 қадамдарын орындау барысында қаладағы мемлекеттік медициналық мекемелер кезең-кезеңімен кестеге сәйкес Астана қаласы «ДАМУ» ЖШС ақпараттық орталығымен шарт жасасып, мамандар оқытуға жіберіліп отыру келісілген. Сонымен қатар, сапалы, уақытылы, қолжетімді медициналық көмек көрсету мақсатында емханалар Астана қаласындағы «Vienna» ЖШС орталығымен шартқа отырып, арақашықтықтан босануға дейінгі әйелдердің денсаулығын қадағалау «SOS» функциясын енгізу бойынша мамандарды оқытуда. Ал, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша ақпараттық түсіндірме жұмыстары жолға қойылған.
Сессияның келесі мәселесі, сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы. Сот шешiмiмен коммуналдық меншiкке түскен болып танылған иесiз қалдықтарды басқару тәртiбiн ҚР-ның 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексі айқындайды. Мұнда халықтың қалдықтарға қолжетімділігін болдырмаудың алдын-алу, оларды оқшаулауды, топырақ жамылғысынан су ресурстары мен ауаға кері әсерін азайту шаралары қарастырылған. Коммуналдық меншікке түскен қалдықтармен жұмыс істеу процесінде экологиялық заңнамада көзделген талаптар сақталады. Бұл қағида қала бойынша иесіз жатқан қоқыстарға мемлекет тарапынан тиісті шараларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін болғандықтан, қағиданы бекіту қажеттігі ескерілді.
Кезекті өткен сессияға қала әкімі Елубай Әбілов, қала әкімінің орынбасарлары, облыстық, қалалық мәслихат депутаттары, ақсақалдар, мекеме және бөлім басшылары қатысты. Сессияны қалалық мәслихаттың депуттаты Бекқали Нұрбосынов жүргізіп, қатысушылар арасынан ұсыныс пікірлер тыңдалды. Қала әкімі сессияда ең негізгі мәселелер қаралып жатқандығын тілге тиек етті. Алдағы уақытта жұмыстар жасалатындығын айтып, қорытындылады.
Жазира АҚБЕРГЕНОВА