Жаңаөзен қаласы әкімінің 10 қазан 2017 жылғы өкімімен Жаңаөзен қаласы әкімінің әлеуметтік мәселелері жөніндегі орынбасары қызметіне Сәнім Жәниқызы Танаева тағайындалды.
Сәнім Жәниқызы 1968 жылы 5 наурызда дүниеге келген. Ол 1993 жылы Ақтөбе мемлекеттік медициналық институтын бітірген. Еңбек жолын 1994-1996 жылдары Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Теменарық кентінде емханада, стационарда балалар дәрігері болып бастаған. 1996-2007 жылдары №1 Алматы қаласында балалар ауруханасының реаниматолог дәрігері, бөлімше меңгерушісі, 2007-2009 жылдары Астана қаласы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде сарапшы, бас сарапшы, 2016-2017 жылдары Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары қызметтерін абыроймен атқарды.
Денсаулық сақтау ісінің үздігі, жоғары санаттағы денсаулық сақтау саласының ұйымдастырушысы. Тағы оқыңыздар: Мүмкіндігі шектеулі балалар байқауы өтті