©
Қазақ – қашаннан тіл тазалығына, оның құдіретіне, ұлт өміріндегі алар орнына айрықша мән берген халық. Оған тарихи тұлғаларымыздың тіл жайлы айтып кеткен нақыл сөздері - дәлел. Солардан бірер мысал келтірер болсақ, даңқты батырымыз Бауыржан Момышұлының «Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту» деген сөзі еске түседі.
Өзінің болмысынан, тарихынан, тілінен ажыраған елдердің бірегей ұлт ретінде жойылып кететіні белгілі. Рухани жұтаң елді ешбір табиғи байлықта, экономика мен саясатының мықтылығы да құтқарып қала алмайды. Себебі ұлтты ерекшелейтін – оның салт-дәсүрі, тілі, ділі, діні. Дәл осы құндылықтардың қаншалықты маңызы, мемлекет үшін нендей мәні барына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында толыққанды жауап берілген. «Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалады. Сондықтан әрбір қазақстандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек. Мысалы, компьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мәдени ашықтық сияқты факторлар әркімнің алға басуына сөзсіз қажетті алғышарттардың санатында» деген Президент пікірі бүгінгі қоғам алға тартып отырған өзекті мәселелерді шешуге мүмкіндік туғызатын тетіктерді көрсетіп берген. Жалпы елдің ертеңін тек экономикадағы жеңістермен бай ланыстырудың ауылы келмеске кетті. Сол сияқты, табиғи байлықта келешек өмірдің кепілі болудың негізгі өлшемі саналмайды. Қазіргі заман талабы азаматтардан жаңа дәуірге бейімделуді, өзгерістерден кеш қалмауды, бәсекеге қабілеттілікті арттыруды талап етуде. Ал бәсекеге деген қабілет, ең алдымен, адами капитал сапасымен анықталады. Ұрпағын ұлтшыл, отаншыл етіп өсіре алмаған, рухани мәселені ұмытып, материалдық байлықтың соңын қуған елдің ұтылар тұсы көп. Сондықтан Қазақстанды озық елдермен теңестіретін мықты ұрпақ, бәсекеге қабілетті ұлқыз тәрбиелеу негізгі басымдық саналып отыр. Бәсекеге қабілетті ел дегенде көпшіліктің есіне бірден жапон халқы түседі. Неге? Себебі екінші дүниежүзілік соғыстан кейін әбден есеңгіреп, тозтозы шыққан Жапонияны аяғынан тік тұрғызған табиғи байлық, сырттан берілген көмек емес. Балық шаруашылығынан басқа сүйенері жоқ бұл елді әлемге мойындатқан – алғыр ұрпақтары. Жаңа заман технологиясының тілін тапқан жапондардың қолынан шыққан электроника құралдары бүкіл әлем сұраныспен алатын баға жетпес тұтыну затына айналды. Жапонияда шыққан көлікті тақымдауды армандамайтын жан жоқ. Былай қарасаңыз, электроника тілін меңгеруге деген талап Оң түстік Корея, АҚШ-та да болды. Бірақ Жапонияны алға шығарып отырған бір артықшылық бар. Ол – жапон өнертапқыштарының не шығарса да, қандай жаңалық ашса да оған ұлттық бояу, нақыш беретінінде. Мұны Мемлекет басшысы да жақсы аңғарып, бәсекеге қабілетті болу үшін көзсіз еліктеуден аулақ болу қажеттігін қаперге салды. Қазақстан өз жолын қалыптастырып, үлкен елдер қалтарысында қалып қоймауы керек.
Себебі оның мақсаты – қатардағы мемлекет болу емес, әлемнің дамыған отыз елінің сапына қосылу. Бұған дейін көпке беймәлім еліміздің дамыған елуліктің бірі болуды межелегені есімізде. Елбасы мен ел бірлігінің нәти жесінде ол мақсатқа жету қиындық тудырмаған еді. Ендеше, бірлігі жарасқан, жүзден аса ұлт пен ұлыстың отанына айналған Қазақстанның озық отыз елдің бірі атануы да алдағы күннің еншісінде.
Райхан ЕРЖАНОВА,
Ақтау қалалық №2 сотының судьясы