Алматыда футзалдан U-13 санаты бойынша өткен Қазақстан чемпионатында жаңаөзендік «Қыран» командасы топ жарды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
«Қыран» командасы Маңғыстау облысынан жасөспірімдер арасында чемпиондық атаққа қол жеткізген футзал командасы. Сондықтан бұл тарихи жеңіске баланып отыр.
Облыстық спорт басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, ел чемпионатында топ жарған жерлестерімізді футзалдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Пауло Кака марапаттады.
Футзалдан өткен ел чемпионатының 2023-2024 жылғы маусымында 34 ұпаймен турнир кестесінде көш бастап, чемпион атанған «Қыран» құрама командасы Жаңаөзен қалалық №2 балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірттері.
Аталған жарысқа Қазақстан бойынша 16 команда қатысты. Команда ойыншысы Мұханбет Сүгір 19 гол соғып, «Үздік ойыншысы» аталымында үздік шықты.
Айта кететін жайт, "Қыранның" жас футболшыларын Мейірімхан Амангелдиев, Темірлан Долубаев, Арман Таласбаев сынды жаңаөзендік білікті бапкерлер жаттықтырады.